Прямой эфир
Астана
25.77°C
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин World Boxing Халықаралық бокс федерациясын басқарады, деп хабарлайды ұйымның сайтына сілтеме жасаған paryz.kz.
World Boxing президенттігіне үміткерлердің түпкілікті тізімі белгілі болды. Геннадий Головкин – Халықаралық бокс федерациясының басшысы лауазымына ұсынылған жалғыз үміткер.
World Boxing жарғысына сәйкес, егер лауазымға бір ғана үміткер ұсынылса, олар Конгресте лауазымға дауыс берусіз бірауыздан сайланады.
Ұйымның қазіргі президенті - голландиялық функционер Борис ван дер Ворст. World Boxing конгресі 23 қарашада Римде өтеді. Сол күні Головкин ресми түрде ұйым президенті қызметіне кіріседі.