Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен тең түсті

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы кезекті ойынын Солтүстік Македонияға қарсы өткізді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен тең түсті
Фото: ҚФФ

Екі құрама алғашқы минуттан белсенді қимыл көрсетті. Гол соғатын мүмкіндіктер де болды. Дегенмен олар діттеген мақсатына жете алған жоқ. Ойын барысында Ғалымжан Кенжебектің белсенділігі көрініп тұрды.

Оған қоса қазақстандық Мұхамеджан Сейсен бірнеше мәрте қақпасына доп дарытқан жоқ.

Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңде македониялық футболшылардың белсенділігі байқалды. Оған қазақстандық қорғаушылар лайықты тойтарыс бере білді. Есесіне қарсы шабуылға шығып, гол соғатын мүмкіндікті іздеді.

Ойынның 54-минутында Дінмұхамед Қараман өз құрамасын алға шығарды.

Ал македониялық Энис Барди 74-минутта таразы басын теңестірді. Осылайша құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдірді. Бұл топта Бельгия құрамасы сырт алаңда Уэльсті 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Енді отандастарымыз алдағы ойынын 15 қарашада өз алаңында Бельгияға қарсы өткізеді. Отандастарымыз қазірге дейін Бельгия (0:6), Солтүстік Македония (0:1) және екі мәрте Уэльс (1:3, 0:1) құрамасынан жеңіліп, Лихтенштейннен екі мәрте (2:0, 4:0) басым түсті.

Ал Солтүстік Македония екі мәрте Лихтенштейнді (3:0, 5:0) жеңсе, Бельгиямен екі рет (1:1, 0:0), Уэльспен (1:1) тең ойнады.