Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

"Қайраттың" қаһарман қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақатынан айықты

"Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков үзілістен кейін қайтадан негізгі командамен бірге жаттығуға кірісті. Футболшы жалпы топқа қосылып, командамен бірге қазандағы қарқынды ойындарға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

"Қайраттың" қаһарман қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақатынан айықты
Фото: Қайрат футбол клубы

Бұл айда алматылықтарды үш маңызды матч күтіп тұр:

• 17 қазан – сырт алаңдағы “Қызылжарға” қарсы ойын; 

• 21 қазан – Чемпиондар лигасы аясында кипрлік “Пафоспен” өз алаңындағы кездесу;

• 26 қазан – өз алаңында “Астанамен” матч.

Еске салайық, “Қайрат” пен “Ақтөбе” арасындағы ойында қақпашы Темірлан Анарбеков 10-минутта жарақат алып, ауыстырылған болатын. Допқа талас кезінде ойыншының жақ сүйегі сынған болатын.