Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Әлем чемпионатында финалға қай елдің боксшылары шықты

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясындағы әлем чемпионатының 14 қыркүйекте өтетін финалына қай елден қанша боксшы шыққаны белгілі болды.

Әлем чемпионатында финалға қай елдің боксшылары шықты
Фото: ҰОК

Бұл жөнінен Қазақстан мен Өзбекстан көш бастап тұр. Олардың еншісінде сегіз-сегіз боксшыдан бар.  Атап айтсақ, Санжар Ташкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) және Айбек Оралбай (90 келі), Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Аида Әбікеева (65 келі) Наталья Богданова (70 келі) алтынға таласады.

Бразилиядан төрт былғары қолғап шебері алтынға таласса, Үндістан мен Польша - үш, Түркия, Аустралия мен Англия - үш, Франция, Моңғолия, Испания, Жапония, Болгария, АҚШ, Тайвань және Ирландия -бір боксшыға сенім артады.

Айта кетсек, қазірге дейін үш финалдық жекпе-жектің жеңімпазы анықталды. Онда Өзбекстан, Үндістан және Польша алтын медаль алды. Ал Үндістан, Польша, Болгария күміс жүлдегер болды.