Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

World Boxing: бүгін қазақстандық 7 боксшы рингке шығады

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 8 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан жеті боксшы шаршы алаңға шығады.

World Boxing: бүгін қазақстандық 7 боксшы рингке шығады
фото: ҚБФ

Қазақстандық жанкүйерлер бүгін ел құрамасынан ерлерде Бейбарыс Жексен (60 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалыков (75 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), әйелдерде Аида Әбікеева (65 келі) және Гүлсая Ержан (80 келі) сынды былғары қолғап шеберлерінің жекпе-жектерін «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Күндізгі сессия (Қазақстан уақытымен 16:00) 5 жұп (А рингі). Әйелдер. 80 келі. 1/8 финал\. Гүлсая Ержан — Ивета Лесинските (Литва) 7 жұп (Б рингі). Ерлер 70 келі. 1/8 финал. Төрехан Сабырхан — Финн Роберт Бос (Нидерланд) 11 жұп (Б рингі).

Ерлер. 90 келі. 1/8 финал. Сағындық Тоғамбай — Джек Майкл Марли (Ирландия). Кешкі сессия (22:00) 3 жұп (А рингі). Әйелдер. 65 келі. 1/8 финал.

Аида Әбікеева — Сук Ён Кан (Оңтүстік Корея) 6 жұп (А рингі). Ерлер. 60 келі. 1/8 финал. Бейбарыс Жексен — Сачин (Үндістан) 12 жұп (Б рингі). Ерлер. 75 келі. 1/8 финал. Сабыржан Аққалыков — Павел Иллюша (Украина) 16 жұп (Б рингі). Ерлер. 90 келіден жоғары. 1/8 финал. Айбек Оралбай — Ильяс Мюджахит (Түркия).

Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында өткізіледі. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.