Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойында шотландиялық "Селтикпен" тең түсті.
Глазгода өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Бірінші таймда алматылықтар гол соғып та үлгерді, бірақ Александр Мартынович соққан гол офсайдқа байланысты есептелмей қалды.
Айта кету керек, бірінші таймның соңында екі команда да допты нысанаға дәл жеткізе мады. Бұл ретте "Қайрат" қақпаға қарай бес, ал "Селтик" екі соққы жасады.