Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Спорт саласына бақылау өз нәтижесін бере бастады

Елімізде спорт саласына қатысты мемлекеттік бақылау күшейіп келеді. Кезінде бақылаусыз қалған спорт нысандары қайта бақылауға алынып, пысықайлардың қалтасына кетіп жатқан мемлекет қаржысына қайта есеп жасалып жатыр, деп хабарлайды paryz.kz

Спорт саласына бақылау өз нәтижесін бере бастады
фото: paryz.kz

Мәселен, 2025 жылдың 15 сәуірінен бастап «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңға енгізілген өзгерістер Туризм және спорт министрлігіне кәсіби клубтардың бюджетін бекіту және Қазақстан азаматы емес спортшыларды қаржыландыруға тыйым салу өкілеттігін берілді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасымен кәсіби спортқа бөлінетін қаржы 6,7 млрд теңгеге қысқарып, 60,5 млрд теңгеден 53,8 млрд теңгеге түсті. Үнемделген қаржыға спорттық нысандар салуға және жөндеуге, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталуда.

Қаржы тәртібін күшейту үшін 2024 жылдың желтоқсаны мен 2025 жылдың наурызында енгізілген заңнамалық өзгерістер кәсіби футбол клубтарына қатаң талаптар қойды. Енді мемлекеттік қаржыландыру алатын клубтарда балалар мен жасөспірімдер бөлімшесі, жастар командалары, өз стадионы және жаттығу алаңы болуы міндетті. Оқу-жаттығу жиындарына шектеу қойылып, бақылау күшейтілді.

Президент тапсырмасына сәйкес, құзырлы органдар тарапынан да аталмыш салаға қатысты бақылау күшейіп отыр. Мәселен, Антикоррупцияға қарсы қызмет (қазіргі ҰҚК жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) пен Туризм және спорт министрлігі спортты қаржыландырудағы коррупциялық тәуекелдерді жоюға бағытталған ауқымды шаралар жүргізгені белгілі. Осындай тексерулердің нәтижесінде жалпы ел аумағында көлеңкелі топтардың қалтасын қампайтып отырған 11 спорт нысаны мемлекеттік балансқа қайтарылды. Сонымен қатар 1,3 миллиард теңге бюджет есебіне аударылды. Бұл қаражат енді спорттық инфрақұрылымды дамытуға және бұқаралық спортты қолдауға жұмсалуы тиіс болған.

Алайда спорт нысанының басшылығы бұл қаржыны қыдыруға жұмсағаны белгілі болған. Нақты айтар болсақ, кәсіби клубтар өз инфрақұрылымын дамытудың орнына, бюджет ақшасын босқа шашып,  басшылықтың жалақысын көтеруге, шетелдік спортшыларға заңсыз төлем жасауға сонымен қатар оқу-жаттығу жиындарын шетелде өткізуге жұмсаған.

«Жалпы 50-ден астам ұсыныс енгізілді. Олар спортты дамытудың басымдықтарын қайта қарауға, оқу-жаттығу жиындарын қатаң бақылауға, клубтар мен федерациялардың бюджеттерін қысқартуға, қаржыны орталықтандыруға және цифрландыруды енгізуге бағытталған», – делінген Антикордың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Бұл мәселелерді шешу үшін Антикор 50-ден астам ұсыныс енгізді. Ұсыныстар спортты дамытудың басымдықтарын қайта қарауға, оқу-жаттығу жиындарын қатаң бақылауға, клубтар мен федерациялардың бюджеттерін қысқартуға, қаржыны орталықтандыруға және цифрландыруды енгізуге бағытталған. Нәтижесінде:1,3 миллиард теңге бюджетке қайтарылды.

Бұл қаражат басында айтып өткеніміздей, негізсіз жарыстар мен жоғары жалақы үстемелеріне жұмсалған еді.