Астанада өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінің екінші күнінде Нұрбек Оралбай келесі айналымға өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.
80 келіде шаршы алаңға шыққан Нұрбек Оралбайдың қарсыласы әзербайжандық Мурад Аллахвердиев болды. Жекпе-жек нәтижесі бойынша Нұрбек Оралбай 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, екеуі бұған дейін Париж Олимпиадасының 1/4 финалында жолыққан. Сол кезде де нәтиже біздің боксшының пайдасына шешілген еді. Нұрбек Оралбай 2024 жылғы Париж олимпиадасының күміс жүлдегері екенін де еске сала кетейік.