Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Спорт бүгін, 28.11.2025 19:32 Обновлять, 01.12.2025 08:37

Боксшы Жанқош Тұраров ел күтпеген мәлімдеме жасады

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың  (28-0, 28 КО) 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Боксшы Жанқош Тұраров ел күтпеген мәлімдеме жасады
фото: әлеуметтік желіден

«28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оң иығымнан жаттығу барысында жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды, қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлайтын боламын», - деп жазды боксшы.

Жанқош Тұраровтың қарсыласы жеңіліп көрмеген венесуэлалық Хесус Корреа Пинто (16-0, 16 КО) болатын. Боксшы екі чемпиондық атағын қорғау үшін 28 қыркүйекте шаршы алаңға шығады деп жоспарланған еді.