Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Спорт бүгін, 05.12.2025 12:36 Обновлять, 06.12.2025 05:47

Серік Сәпиев Алматыда өткен турнирде қарсыласымен төбелесе жаздады (ВИДЕО)

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Алматыда өтіп жатқан Naiza 49 турнирінде Batyrball ойынына қатысты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Фото: видеодан скриншот

Ойын кезінде Sever-Yug командасының мүшесі Сәпиевке қарсы күрестің бір әдісін қолданды. Бұл бұрынғы боксшыға ұнамады.

Сөйтіп аяқ астынан екеуінің арасында жанжал басталып кетті.

Серік Сәпиевтің Academy of Sports командасы жеңіске жеткен матч аяқталып, спортшылар қол алысқан кезде тағы да төбелес бола жаздады.

Batyrball - Naiza промоушнында танымал болған спорт түрі. Онда күрес пен баскетбол элементтері араласқан.