Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екінші күнін жүлдесіз аяқтады

Ташкент қаласында (Өзбекстан) дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының екінші өтіп жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екінші күнін жүлдесіз аяқтады
ҰОК

Кезекті жарыс күнінде Қазақстан атынан алты спортшы өнер көрсетті. Досбол Балғабай 81 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалға дейін жетті.

Ол бұл кезеңде қытайлық Ши Чжэньюймен күресіп, қарсыласына жол берді.

Айдана Абиханова 63 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалға дейін жетіп, үндістандық Чанамбам Линтхоймен кездесті. 

Нәтижесінде үндістандық балуан жеңіске жетті. Дәл осы салмақта Дамелья Асылханова словениялық Лейла Мазузиден жеңіліп қалды. 70 келіде Шынар Бітімбай алғашқы белдесуінде Нидерланд дзюдошысы Луна де Кокқа есе жіберді. Сондай-ақ Омар Нұрбергенов (81 келіге дейін) алғашқы кездесуінде польшалық Шимон Шуликтен жеңілді.

Ал Мұхаммедали Закиров (73 келіге дейін) бірінші белдесуінде Юра Екооға (Жапония) жол берді. Осылайша қазақстандық спортшылар финалдық кезеңге өте алмады.