Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Конькиші Кристина Шумекова Жапониядағы әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке кірді

Жапонияның Обихиро қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды paryz.kz.

Конькиші Кристина Шумекова Жапониядағы әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке кірді
Фото: ҰОК

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Шумекова 1000 метр қашықтықта бесінші орын алды. Қазақстандық спортшы бұл қашықтықты 1 минут 15,38 секундта жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанған Нидерланд өкілі Ангел Далеманнан 1,68 секундқа қалып қойды.

Екінші орынды тағы бір нидерландтық Изабель Гревелт (1:14.66) иеленсе, үздік үштікті польшалық Виктория Дабровска (1:14.80) түйіндеді.

Еске салайық, Қытайдың Бейжің қаласында өткен әлем кубогының алғашқы кезеңінде Кристина Шумекова осы қашықтықта күміс медаль жеңіп алған болатын.