Танымал блогер Арайлым Жиенбаева Шымкент қаласы бокс федерациясының медиа директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды paryz.kz.
Жаңа қызметінде Арайлым Жиенбаева Шымкенттегі бокс спортын ақпараттық тұрғыдан насихаттап, федерацияның медиа бағытын дамытуға жауап береді. Федерация өкілдері блогерді жаңа лауазымымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.
«Арайлым Бақытжанқызының бұл қызметке тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге үлкен сенім артамыз. Алдағы уақытта өз ісіңізге жауапкершілікпен қарап, Шымкент боксының абыройын арттыру жолында нәтижелі жұмыстар атқаратыныңызға сенім білдіреміз», – делінген федерацияның ресми хабарламасында.