Бүгін, 29 қарашада Ақтау қаласындағы бірқатар сайлау учаскелерінде ұлттық спорт түрлерінен түрлі ойындар ұйымдастырылды, деп хабарлайды paryz.kz.
Атап айтқанда, кейбір учаскелерде тұрғындар асық ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу, арқан тартыс секілді ұлттық ойындар бойынша өзара бақ сынады. Шараға қатысушылар дәстүрлі ойындарға қызығушылық танытып, өзара шеберліктерін көрсетті.
Ұлттық ойындар сайлау учаскелеріне келген азаматтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, дауыс беру күнінің мазмұнын аша түсті.
Айта кетейік, мұндай шаралар ұлттық спорт түрлерін дәріптеуге, төл мәдениетіміз бен дәстүрлі ойындарға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.