Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Алматыдағы 5 адамның қазасы: үйді өртеді деген күдікті ұсталды

Алматыда бес адам, соның ішінде 1 жасар бала қаза тапқан жекеменшік үйдің өртенуіне қатысты болуы мүмкін күдікті ұсталды, деп хабарлады paryz.kz қалалық ПД сілтеме жасап.

Алматыдағы 5 адамның қазасы: үйді өртеді деген күдікті ұсталды
Фото: видиодан скриншот

Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланғандай, Алматыда бес адамның қаза болуына әкеп соққан жеке тұрғын үйдегі өртке қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті анықталып, ұсталды.

Еске салайық, қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні Бостандық ауданында болған. Өртті сөндіру кезінде үй ішінен бес адамның мәйіті табылды. Дерек бойынша қылмыстық істер тіркеліп, арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеп, күдікті болуы мүмкін әйелдің жүрген бағытын анықтап, оқиғаның мән-жайын қалпына келтірді.

"Тергеу нұсқасына сәйкес, қайғылы оқиғаға жеке бас араздығы негізінде қасақана өртеу себеп болған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 37 жастағы күдікті әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр", - делінген ПД хабарламасында.