Атырау облысында 4 мыңнан астам баланың конституциялық құқығы бұзылған, деп хабарлайды paryz.kz облыстық прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасап.
Прокуратура мәліметінше, Махамбет ауданындағы Ещанов атындағы балалар өнер мектебі 400-ден астам баланың дербес деректерін шетелдік цифрлық платформадағы электронды кітапханада жариялаған.
Ал Жылыой ауданындағы №6 мектепте 2 мыңнан астам оқушының жеке деректері ата-аналарының келісімінсіз мектепке қатысуды есепке алатын бағдарламаға енгізілген.
"Бұдан бөлек, Атырау қаласындағы мектептердің бірінде дәретханаға бейнебақылау камералары орнатылған. Соның салдарынан 1 400-ден астам баланың құқығы бұзылған", – деп хабарлады прокуратура.
Прокуратура заңбұзушылықтарды жойып, балалардың құқықтарын қалпына келтірді. Кінәлілер жауапқа тартылды.