Ұлттық қауіпсіздік комитеті 45 жастағы шетел азаматы Уильямс Коулға іздеу жариялады. Ол шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.
Шетел азаматына қатысты бағдар Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды. 1981 жылы туған Уильямс Коулға қатысты іздестіру ісі 21 қарашада Түркістан облысының Сарыағаш ауданында тіркелген.
Іздеуге бастамашы болған орган – Ұлттық қауіпсіздік комитеті. ҰҚК баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне шетелдік азаматқа ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы ("Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту") бойынша іздеу жарияланғанын мәлім етті.