Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Абай облысында жеңіл көлік өртеніп кетті

Абай облысында жеңіл автокөліктен өрт шықты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Абай облысында жеңіл көлік өртеніп кетті
Фото: istockphoto

"112" пультіне Семей қаласы Би-Боранбай көшесінде автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жеңіл автокөліктің мотор бөлігі мен салоны жанып жатқанын анықтады.

Құтқарушылардың жедел әрекет етуінің нәтижесінде өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.