Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды басып кетті

Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк пойызы теміржол бойында ер адамды қағып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды басып кетті
Фото: ҚТЖ

Қайғылы оқиға бейсенбі күні күндіз Шортанды және Дамса ауылдарының арасындағы теміржол учаскесінде болған.

Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, 19 қарашада Астана станциясындағы көліктегі полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. 

"Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді", - деп жазылған хабарламада.