Сот "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) басшысы Елжас Отыншиевті қамауға алды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Tengrinews.kz сауалына берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.
"12 қарашада аталған тұлғалар жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. 14 қарашада тергеу сотының санкциясымен оларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр", - делінген ҰҚК жауабында.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.