Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Тоқаев Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын растады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин телефон арқылы әңгімелесу барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын растады
Ақорда

Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында талқылады. "Президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жұмыстарына оң баға беріп, бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын ілгерілетудің маңызына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады", - деп жазылған хабарламада. 

Ал Кремльдің баспасөз қызметі Владимир Путин мамыр айының соңында Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысатынын растағанын жазды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентін осы іс-шара аясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырған. "Шақыру ризашылықпен қабыл алынды", - делінген хабарламада.