Прямая трансляция

Астана

Астана

24°C

Президент Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Президент Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға берді
Ақорда

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті. Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірді.

«Таяу уақытта елімізде ауқымды саяси науқан өтетіні белгілі. Осындай сындарлы сәтте Айбек Арқабайұлы Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады», – деп жазды ол.