Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен босатылды

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен босатылды. Бұл туралы өңір әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен босатылды
Фото: әлеуметтік желіден

"Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті оның орынбасары Дәурен Есімханов ұрып-соқты деген ақпарат тараған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.