Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Саясат бүгін, 10.07.2024 08:00 Обновлять, 18.07.2024 12:01

Әлихан Смайылов бюджет әкімшілеріне қатаң сұрау болатынын ескертті

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында бюджет әкімшілерін өз міндеттеріне немқұрайлы қарамауға шақырды, деп хабарлады Paryz.kz.

Әлихан Смайылов бюджет әкімшілеріне қатаң сұрау болатынын ескертті
Фото: primeminister.kz

«Бюджеттің әрбір теңгесі қаражат тапшылығы жағдайында қарастырылғанын еске салғым келеді. Сол кезеңде мен Премьер-Министр болғандықтан, бұл мәселені өте жақсы білемін. Баламалы қаржыландыру көздері бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Бұл басым міндеттерді ресурстармен толық қамтамасыз ету үшін жасалған болатын. Бюрократиялық кедергілер алынып, ұлттық жобаларды уақытылы іске қосу үшін барлық жағдай жасалды. Сондықтан Жоғары аудиторлық палатаның басшысы ретінде өз міндеттеріне немқұрайлы қараған бюджеттік әкімшілерден сұрау қатаң және әділ болады деп сендіргім келеді», - деді Ә.Смайылов.

Сондай-ақ, ол өңдеуші өнеркәсіп жобаларын аудитін жүргізу басталғанын айтты. 

«Оның нәтижелерін биыл баяндаймыз. Квазимемлекеттік сектор субъектілері жалпыхалықтық міндеттерді іске асыруға қатысып отыр. 2023 жылдың өзінде республикалық бюджеттен 1,2 трлн теңгеге жуық қаржы алған. Бұл ретте квазимемлекеттік сектор субъектілері пайдаланбаған қаражат жыл қорытындысы бойынша өткен кезеңмен салыстырғанда 2,5 еседен астам өсіп отыр. Басқа да көптеген маңызды міндеттерді шешуге бюджет қаражатының жетпей жатқанын ескерсек, бұл – өрескел жағдай. Ресурстарды экономикаға және қазақстандықтардың игілігі үшін пайдалану керек», - деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.