Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

ОҚИҒА бүгін, 23.11.2025 09:04 Обновлять, 24.11.2025 14:51

Ақтауда велосипед тебуге шыққан 13 жастағы бала жоғалып кетті

Ақтауда 13 жастағы жасөспірім үйінен велосипед тебуге шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Paryz.kz

Ақтауда велосипед тебуге шыққан 13 жастағы бала жоғалып кетті
Фото: Pixabay

"Lider.kz" еріктілер қозғалысының хабарлауынша, Ақтауда 13 жастағы Тимофей Павлов іздестіріліп жатыр. Ол 5 қазан күні үйінен велосипед тебуге шығып, содан кейін жоғалып кеткен.

Тимофей Павлов 5 қазан күні сағат 18:00 шамасында 11-шағын ауданындағы үйінен велосипед тебуге шыққан. Сол уақыттан бері оның қайда екені белгісіз.

Белгілері: бойы — 170 сантиметр, арықша дене бітімді, - деп жазылған еріктілер хабарламасында.