Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Биыл елімізде 200-ге жуық адам суға батып көз жұмған

Биыл Қазақстанда 200-ге жуық адам суға батып көз жұмған. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасы орынбасары Алексей Советов айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Биыл елімізде 200-ге жуық адам суға батып көз жұмған
Фото: gov.kz

«Өкінішке қарай, түсіндіру жұмысына қарамастан қайғылы деректер бар. Шомылу маусымы басталғалы 164 адам қаза тапты. Оның 54-і – бала. Өткен жылмен салыстырғанда қайғылы оқиға дерегі азайды. Мысалы, жыл басынан бері 182 адам суға батса, өткен жылғы көрсеткіш – 204 адам, - деді Алексей Советов.

ТЖМ дерегінше, суға батқандардың 90%-ы жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылса, 58%-ы ауылдық жерлерде суға батқан, ал 39%-ы мас күйде болған.

Сонымен қатар суға батып көз жұмған 54 бала ата-ананың қарауынсыз болған.