Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 01.12.2025 17:18

«Азғырғандар көп болды»: Қойшы бала Жігер Ауыпбаев туралы айтты

«Қойшы бала» лақап атымен танылған жас орындаушы Айдос Кәден алғаш рет өзін продюсері ретінде таныстырған әнші Жігер Ауыпбаевпен арадағы даулы қарым-қатынасы туралы ашық айтты, деп жазады paryz.kz.

«Азғырғандар көп болды»: Қойшы бала Жігер Ауыпбаев туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Айдостың айтуынша, олардың арасындағы жағдайдың шиеленісуіне тек жеке кикілжің емес, өнер адамдары мен өз туыстарының араласуы да себеп болған. «Мен негізі кешіре алмайтын, кек сақтайтын адам емеспін. Жігер ағаның да жаман ниеті жоқ екенін білемін. Бірақ ол кісіден алыстауыма азғырғандар көп болды. Онысын ашып айтпай-ақ қояйын арасында өнердегі адамдар да, өз туыстарым да бар. Туыстарымнан бөлек, от салып, араға іріткі түсіргендер жетерлік. Бұрын ондай сынақтан өтіп көрмеппін, бірінші рет сүріндім. Сол үшін өзіме ренжимін», – деді ол Massaget.kz түсіретін Kezdesu YouTube жобасына берген сұхбатында.

Жас орындаушыға қойылған «Егер қатеңді түсінсең, неге қайта Жігер Ауыпбаевқа бармадың?» деген сұрақ та жауапсыз қалмады. 

«Ол сұрақты өзіме де жиі қоямын. Неге екенін түсінбеймін. Қазір де ол кісі ренжулі шығар… Бірақ бара алмаймын. Ниеттенемін, соған жүрегім бармайды. Бұл Жігер ағайды жек көргеннен емес», – деп түсіндірді Айдос.