Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Қоғам бүгін, 09.07.2030 09:55 Обновлять, 20.11.2025 00:25

Түркістан облысындағы өрттен аман қалған үш адамның бірі тікұшақпен Шымкентке жеткізілді

Түркістан облысында өрттен зардап шеккен ер адам Шымкентке жеткізілді. Жетісай ауданында шұғыл көмек көрсету үшін қажетті арнайы жабдық жеткіліксіз болғандықтан тасымалдау қажет болды, дейді облыстық ТЖД.

Түркістан облысындағы өрттен аман қалған үш адамның бірі тікұшақпен Шымкентке жеткізілді
ТЖМ

"Тікұшақ экипажы Түркістан облысының Жетісай ауданынан медициналық ұшуды орындап, 1986 жылы туған ер адамды Шымкентке жеткізді", - деп хабарлады департаменттегілер.

Экипаж санитарлық рейсті сәтті орындады. Тікұшақ жерге қонған соң 39 жастағы ер адам дәрігерлер бақылауына тапсырылды.