Тараз тұрғыны баласының сабаққа бармағаны үшін айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды paryz.kz Жамбыл облыстық сотына сілтеме жасап.
Сот материалына сәйкес, 14 жастағы бала 2 қыркүйектен бастап мектептегі сабақтан себепсіз қалып қойған.
Бұған дейін анасы сол үшін бір рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осы жолы тағы кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттерін орындамай отыр.
Сол үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы, 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Осы баптың санкциясы 15 айлық есептік көрсеткіш (2025 жылы – 58 980 теңге) мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуды көздейді. Сот кәмелетке толмаған балалардың болуын, кінәсін мойындауын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты", - делінген ресми хабарламада.
Сот қаулысымен сабаққа бармаған оқушының анасы 41 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.