Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Шерзат Полаттың отбасы жаңа коттеджге көшті

Адвокат Мейірман Шекеев Шерзат Полаттың отбасы жаңа үйге көшкенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шерзат Полаттың отбасы жаңа коттеджге көшті
фото: әлеуметтік желіден

"Қаржаубай отбасы халыққа алғысын білдірді", - деп жазды Шекеев.

Айта кетері, Шерзат Полаттың жаназасынан кейін туыстары уақытша Талғар ауданына көшіп кетті. Сол кезде белгісіз біреулер отбасының үйін өртеп жіберді. Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.

Биыл шілде айында қылмыстық іс уақытша тоқтатылды. Артынан бас прокуратура үйді өрттегендерді спутник арқылы анықтау шаралары атқарылатынын мәлімдеді. Ол үшін Ресейге тапсырыс берілді. Соның негізінде қылмыстық іс қайта тергеледі.