Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Педофилдерге химиялық кастрация түрмеден шығуына алты ай қалғанда жүргізіледі

Денсаулық сақтау министрі мәжбүрлі медициналық сипаттағы шараларды қолдану қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрыққа қол қойды.

Педофилдерге химиялық кастрация түрмеден шығуына алты ай қалғанда жүргізіледі
Фото: Kazinform

Жаңа ережелерге сәйкес:

қағидаларда мәжбүрлі медициналық сипаттағы шараның химиялық кастрация түрінде қолданылуы нақты белгіленді;

химиялық кастрация кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қолсұғушылық қылмыс жасаған, 18 жастан асқан адамдарға ғана тағайындалады және ол заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жүргізіледі;

шара жазасын өтеу орнында немесе амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымында іске асыралады;

сотталған адамды босатуға алты ай қалғанда түзеу мекемесінің әкімшілігі сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін материалдарды сотқа жолдайды, бұл оның психикалық ауытқуы мен жыныстық зорлыққа бейімділігін анықтау үшін жүргізіледі;

Аталған нормалар есі дұрыс деп танылған, бірақ психикалық ауытқуы бар сотталғандарға қолданылатын медициналық сипаттағы шараларға таралмайды. Бұйрық 2025 жылғы 17 қазанда күшіне енеді.