"ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Алматы облысындағы Көлсай көліне шомылған, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Ол суға түскен сәтін Telegram-арнасындағы стористе жариялады. Видеода Дуровтың мөлдір, суық суға кіріп бара жатқаны көрінеді. Видеоға "Тамаша жүздім" деп қысқа ғана жазба қосқан.
Алайда бұл видеодан кейін әлеуметтік желі қолданушылары" Көлсайда шомылуға рұқсат рұқсат беріле ме, бұл үшін айыппұл салынбай ма" деген сұрақтар қойып жатыр.
"Көлсай көлдерінде шомылуға тыйым салынған. Бұл – әкімшілік құқықбұзушылық болып есептеледі. Көлге барлық келушілерге жүзуге тыйым салыған. Тек арнайы белгіленген жерлерде ғана суға кіруге рұқсат етіледі. Ал қалған аймақтарда, әсіресе суық мезгілде суға түсу — қолданыстағы ережелерді бұзу болып есептеледі. Ереже бұзғаны үшін салынатын айыппұл — 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 39 320 теңге", - делінген Ұлттық парктің жауабында.