Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Шерхан Қалмырзаға білім гранты табысталды

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақ «Қайрат» ФК қақпашысы Шерхан Қалмұрзамен кездесті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шерхан Қалмырзаға білім гранты табысталды
Фото: gov.kz

Ақылы бөлімде оқып жүрген Шерханға ректордың білім беру грантын табыстады. «Қайрат» қақпашысы спорт және туризм академиясында білім алып жүр. Мемлекет басшысы бұқаралық спорттың дамуына айрықша мән береді.

«Балалардың амандығы, олардың денсаулығы және сапалы білім алуы – еліміздің келешегіне тікелей қатысы бар мәселе», – деген еді. Осы бағытта біз де жастарды жан-жақты қолдап, олардың әлеуетін ашуға және еліміздің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға жағдай жасап келеміз. 

Сондай-ақ барлық спортшылар халықаралық стандарттарға сай сапалы білім алуы қажет екенін атап өткім келеді. Бұл оларға спорттағы жоғары жетістіктерге ғана емес, сонымен қатар спорттық мансабын аяқтағаннан кейін де түрлі салаларда қалыптасуға мүмкіндік береді. Жас қақпашының көрсеткен тарихи нәтижесі – бүкіл қазақстандық жастар үшін жарқын үлгі. Оны осы жетістігімен құттықтаймын және алдағы ойындарда сәттілік тілеймін! – деді Саясат Нұрбек.

Еске салайық, Шерхан Қалмұрза чемпиондар лигасында дебютінде пенальтиді қайтарып, ең жас қақпашылардың бірі атанған еді.