Алматылық «Қайрат» футбол клубының жас қақпашысы Темірлан Анарбеков ерекше сыйға ие болды. Оған Zigi Zagi компаниясы қақпашыға заманауи автокөліктің кілтін табыстады.
Компания басшысы қақпашыға көліктің халық атынан беріліп жатқанын айтып, футболшының анасына да бір құшақ гүлін сыйлады.
«Барша қазақ халқына қолдауларыңыз үшін алғысым шексіз. Нәтиже менің ғана емес, бүкіл клубтың еңбегі деп ойлаймын. Сіздер бізге жанкүйер болған сайын біз барымызды саламыз», – деді Темірлан Анарбеков.