Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Диетолог неліктен таңғы асқа шұжық жеуге болмайтынын айтты

Ресейлік диетолог әрі эндокринолог Антон Поляков таңғы асқа шұжық жейтіндерге қатысты тосын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Диетолог неліктен таңғы асқа шұжық жеуге болмайтынын айтты
Фото: istockphoto.com

Дәрігер aif.ru сайтына берген сұхбатында шұжық өнімдері қатерлі ісік ауруының даму қаупін арттыратын тағамдардың қатарына кіретінін айтты.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұжық әлдеқашан қауіп төндіретін азық-түліктер тобына жатқызды. Яғни шұжықты тұрақты түрде жеген жағдайда қатерлі ісік ауруының даму қаупін арттырады", - деп атап өтті Антон Поляков.

Ол шұжықты сиыр тілімен ауыстыруды ұсынды, өйткені оның тағамдық құнары көбірек.