Павлодар қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өгей қызын зорлап келген ер адамға үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды
14 тамызда Павлодар облысында “Зорлау, яғни жәбірленушіге күш қолдану қатерін төндіріп, дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты бірнеше рет жыныстық қатынас жасау” бойынша Е-ге қатысты қылмыстық істі қарады.
Істің мән-жайын заңмен жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды.
“Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, куәләрдің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді. Сотталушымен жасалған қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады және тек өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ғана қарастырады”, – делінген хабарламада.