Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

"Перизат сияқты құрисың": Ырысбала Икрамбай сіңілісіне қымбат көлік сыйлап, сынға қалды

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай тағы да желі қолданушыларының талқысына түсті, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

"Перизат сияқты құрисың": Ырысбала Икрамбай сіңілісіне қымбат көлік сыйлап, сынға қалды
фото: әлеуметтік желіден

Бұл жолы оқырмандардың көзіне блогердің туған сіңілісіне алып берген көлігі түскен. Көпшілік қайырымдылықпен айналысқан Ырысбаланы тексеру керегін тағы да жарыса жазды.

"Менің сіңіліме берекелі көлік болсын. Жолда жаман адамдар жолықпасын. Көлігі бұдан да биіктей берсін. Бірінші жүргізуші куәлігін оқып аласың, содан кейін ғана кілтін береміз. Өзіңе залал келтірсең мейлі. Ал біреудің өміріне залал келтірсең өмір бойы нәлетіне қаласың", - деді ол темір тұлпарымен құттықтап. 

Осыдан кейін желі қолданушылары блогерді сынай жөнелді.

"Осы әйелді дереу тексеру керек", "Халықтың ақшасына сіңілісін қуантып жатыр", "Інісіне, сіңілісіне сонша ақшаны қайдан алған", "Қайырымдылықтың ақшасын туысқандарына жаратып жатыр ма", "Өйстіп құрисың ғой Перизат құсап. Осыны не үшін жариялайсың", "Бір бишараға жиналған көз жастың ақшасы", деді олар.