Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Көзге шөп салады»: Танымал әзілкеш үш баламен ажырасу ауыр екенін айтты

Танымал әзілкеш, блогер Мереке Қалбаева желідегі парақшасында ажырасуға қатысты жазба жариялады, - деп хабарлайды Paryz.kz.

«Көзге шөп салады»: Танымал әзілкеш үш баламен ажырасу ауыр екенін айтты

Жайдарманшының жазуынша, еркектер қолына дүние бітсе өзгеріп шыға келеді. "Үш баламен ажырасу, жалғыз қалу? Сенген адамыңнан қолдау болмау, өте ауыр, өте қиын. "Астыңдағы атыңа сенбе, қойныңдағы қатыныңа сенбе" деген мақал дұрыс емес сияқты... Керісінше!!! Әйел ері үшін соңына дейін барады. Барында да, жоғында да ерінің жанында. Ал кейбір еркектер қолына 1-2 тиын түссе сол қатынын менсінбей, мал қылып тастап кетеді. Немесе көзіне шөп салады...", - деп мәлімдеді ол.