Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Елдостың ұрығы болмаған»: Клиника маманы өз еңбектерін жоққа шығармауды талап етті

Танымал «Экомед» клиникалар желісінің басшысы Салтанат Берденқызы Байқошқарованың сіңілісі Перизат Байқошқарова әлеуметтік желіде маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Елдостың ұрығы болмаған»: Клиника маманы өз еңбектерін жоққа шығармауды талап етті
Коллаж: sn.kz

Сөзінше, 30 жыл бұрын Эконы елімізге алғаш алып келген де, ұрығы жоқ науқастарға арнайы микроскопты алып келген де әпкесі Салтанат Байқошқарова. Ондай аппарат тек Экомед клиникасында ғана бар. Елдос Колобоктың жағдайында оның ұрығы мүлде жоқ еді, клиниканың ең озық, заманауи үлгідегі аппаратымен ота жасалған.

"Елдос "Колобок" балалы болады деп айтып жатыр ғой жұрттың бәрі. Мұндай отбасыларды ажырасудан сақтап, балалы бола алмай жүргенде көмектесіп жүрген, бірден бір еңбегі бар бұл менің әпкем - Салтанат Байқошқарова. Мұндай аппаратты іздеп, тауып, сол ғылымды өркендетіп жатқан, барлық дүниенің артында тұрған сол кісі. Соны біле жүріңіздер. Күнделікті бізде мұндай жағдай бірінші рет емес қой Елдос Колобок сияқты. Ұрығы жоқ ер адамдар көп бізде. 100 отбасы болса соның елуінде әйел адам, елуінде ер адам бедеу болып келеді. Сондықтан бұл Экомедте күнделікті жасалып жатқан операция", - деді ол.

Алайда Перизат Байқошқарованың бұл сөздері желі қолданушыларына жақпай қалды. Жұрт оның бұл әрекетін сынап тастады.