Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Тоқал алғаны жаңалық емес»: қоғам белсендісі Тұрсынбек Қабатов жайлы пікірін білдірді

Қоғам белсендісі Зәуре Уксимбаева әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың атына байланысты желіде тарап жатқан «тоқал» туралы әңгімелерге қатысты өз ойымен бөлісті, – деп хабарлайды Paryz.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тоқал алғаны жаңалық емес»: қоғам белсендісі Тұрсынбек Қабатов жайлы пікірін білдірді
фото: әлеуметтік желіден

«Қабатовтың тоқал алғаны жаңалық емес. Ер адамға шариғатта төрт әйел алуға рұқсат берілген. Егер алса, өзім де қарсы болмас едім – тек алмайды. Жасыратыны жоқ, ондай ер адамдарға әйелдер қызығады, мен де сол қатарданмын. Қанша жерден әйелдер қарсы болса да, шындық осы. Ақшасы бар, жағдайы бар еркектердің барлығы дерлік екінші, үшінші әйел алғысы келеді», – деп жазды Уксимбаева.

Сонымен қатар ол жазбасын:

«Бойдақ болу – тек Президент Тоқаевқа жарасады» деген оймен түйіндеді.