Волонтер Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс сотқа жолданды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.
Бас прокуратура Перизат Қайратқа және Гайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберді.
Бұл адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқыруды деп айыпталып отыр.