Тұрсын Алагөзов блогер Айсәуле Бақытбекке берген сұхбаты кезенде анасы туралы айтып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Paryz.Kz.
«Менің анам жетімдер үйінен шыққан адам. Сондықтан, балаларын махаббатқа бөлеп өсірді. Бізге қол көтермейтін, ұрспайтын. Өйткені, өзі жетімдіктің азабын тартқан адам. Менің осындай жұмсақ адам болғаным анама тартқанымнан шыққан шығар. Мен қызметкерлеріме пәтер берген кезде мені танымайтын талай адам келіп құшақтап, алғыс айтты», - дейді Алагөзов.