Прямая трансляция

Астана

Астана

14.44°C

«Арқамнан жүк түскендей сезіндім»: Тұрсын Алагөзов алғаш рет бірінші әйелімен ажырасуы жайлы айтты

Продюсер Баян Алагөзованың күйеуі, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бірінші некесі туралы алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz—ке сілтеме жасап.

«Арқамнан жүк түскендей сезіндім»: Тұрсын Алагөзов алғаш рет бірінші әйелімен ажырасуы жайлы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Тұрсын Баянның үлкен қызы Айсәуле Бақытбекке сұхбат берді. Оның айтуынша, ол бірінші жұбайымен 27 жыл бірге тұрған.

«Мен 46-47 жаста едім. Біз бірге отыз жылдай өмір сүрдік. Бұл жай ғана уақыт емес – бұл өмірдің бір кезеңі. Мен түсіндім, иә, мен кетіп жатырмын. Бірақ мұны айқай-шусыз, мүлікке таласпай, таза кеткім келді», – дейді ол.

Бизнес бөлісу туралы әңгіме қозғалғанда, ол компанияның жартысын беруге шешім қабылдайды. Өзіне тек киімдерін: жейде, джинсы, кроссовкаларын ғана алып, кетіп қалады.

«Өзімді арқамнан жүк түскендей сезіндім. Қорыққанымнан емес, тек қарыздар болып қалғым келмеді. Арымды сақтап кеткім келді», – дейді Тұрсын. 

Алайда арада біраз уақыт өткен соң күтпеген жағдайға тап болады. Заңгерлік білімі бар бұрынғы жұбайы оған үлесін "сыйлау" туралы ұсыныс жасайды. Бұл ажырасу аясында емес, ерікті түрде болмақ еді. Ал Тұрсын, заң саласынан хабары болмаған соң, құжаттарға қол қоя салады. «Мен бұл ажырасу барысындағы бөлу деп ойладым. Барлығын дұрыс жасап жатырмын деп сендім. Кейін ол маған: сен сыйладың ғой, деді. Ал енді қалғанын заң аясында – яғни, сот арқылы бөлеміз деді. Бұл мүлде басқа әңгіме болды», – деп толықтырды ол.

Сонымен қатар, Тұрсын Алагөзовтің айтуынша, бұрынғы жұбайы олардың ортақ балаларының тегін ауыстыруды талап еткен.