Прямая трансляция

Астана

Астана

13.29°C

Ақмола облысында қауіпті дерттен 4 адам көз жұмды

Ақмола облысында туберкулез дерті өршіп тұр. Соңғы бес айдың ішінде өңірде 111 адам өкпе құртына шалдыққан. Өкінішке қарай, ауруы асқынған төрт адам көз жұмды. Олардың екеуі – Ақкөл мен Сандықтау аудандарынан, қалған екеуі – Көкшетау қаласының тұрғындары. Бұл туралы Paryz.kz сайты КТК телеканалына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысында қауіпті дерттен 4 адам көз жұмды
Фото: Pixabay

Мамандардың айтуынша, туберкулез ауруы әсіресе мына аудандарда жиі тіркеліп отыр:

Ақкөл; Бұланды; Бурабай; Біржан сал; Ерейментау; Есіл; Жақсы.

Бұл өңірлерде жұқпалы дертке шалдығу деңгейі алаңдатарлық күйде. Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Жанаргүл Есімжанованың айтуынша, туберкулездің таралуына ең басты себеп – тұрғындардың өз денсаулығына салғырт қарауы. 

«Адамдар медициналық көмекті уақытында іздемейді. Флюорографиядан дер кезінде өтпейді. Сондай-ақ төмен күнкөріс деңгейі, басқа аурулардың қатар жүруі де туберкулездің жұғуына себеп болады», – дейді маман.

Дәрігерлер жыл сайын профилактикалық шаралар жүргізіп, тұрғындарды салауатты өмір салтына көшуге шақырып келеді. Уақытында флюорографиялық тексеруден өту, иммунитетті күшейту, және дәрігер кеңесіне құлақ асу – дерттің алдын алудың ең тиімді жолдары екенін ескертеді.