Белгілі әнші әрі тележүргізуші Аша Матай әлеуметтік желіде әкесіне арналған бағалы сыйлықты көрсетті. Белгілі болғандай, сағатты оған жездесі Тұрсын Алагөзов пен апасы Баян Алагөзова тарту еткен, деп хабарлайды Paryz.kz sn.kz-ке сілтеме жасап.
Instagram парақшасында жарияланған видеода Аша Матай әкесіне Cartier Santos үлгісіндегі сағатты табыстап жатқан сәт түсірілген. Қымбат сый туған күн құрметіне берілген.
«Бұл – Тұрсын жезде мен Баяшка тәтеміздің сыйлығы»,– деп туыстарын белгілеп, алғысын білдірген Аша.
Айта кетейік, сағат фирмалық қорапта ұсынылған Болжам бойынша, модельдің бағасы 6 800 АҚШ долларынан басталады Сондай-ақ, бейнежазбадан жылы қарым-қатынас пен отбасы мүшелерінің қуанышы байқалады.