Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты сотта марқұм Шерзаттың мәйітінің суретін көрсетті

Шерзат Полаттың өліміне қатысты соттың бүгінгі отырысында тараптар басты күдікті Шынасыл Абзалдан жауап алды. Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев марқұм Шерзаттың бетін кім ұрғанын анықтағысы келді, деп жазады Paryz.kz.

Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты сотта марқұм Шерзаттың мәйітінің суретін көрсетті
фото: видеодан скриншот

Шынасыл Абзалға сұрақ қойған ол

«Шерзат сізге қарай ұмтылғанда соққы жасады ма? Сіз Шерзатқа дене жарақаттарын келтірдіңіз бе?» деп сұрады.

«Шерзаттың анасы оның саусақтары мен бетіндегі дене жарақаттары бар екенін айтқан. Мына дене жарақаттарына қатысты не айта аласыз?», - деді адвокат мәйіттің суретін көрсете отырып.

«Менің қолым оған тиген жоқ, Шерзат мені ұрған жоқ», - деді Шынасыл Абзал.