Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

Қарағанды облысы бір жылда тұрғын үй құрылысы бойынша рекорд жаңартты

Қарағанды облысында 2021 жылы экономиканың барлық саласында даму байқалды, өнеркәсіп өндірісі 0,1%-ке өсіп, 3,4 триллион теңгеге жетті.

Қарағанды облысы бір жылда тұрғын үй құрылысы бойынша рекорд жаңартты
Сурет: ашық дереккөз

Оның ішінде қара металлургия 12,4%-ке, жеңіл өнеркәсіп 11,9%-ке, фармацевтика 5,8 есе өсті. Өңірдегі тұрғын үй құрылысының қарқыны бойынша былтыр рекорд орнады, жыл қорытындысы бойынша 662 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 25%-ке артық. Сондай-ақ 2600-ден астам отбасы мемлекеттік және арендалық тұрғын үй алды. Облыстағы ауқымды құрылыс жергілікті еңбек нарығын және құрылыс материалдары өндірісін жандандырды. Жұмыста негізінен барлық отандық өнім қолданылады. Жергілікті өндірісті дамыту облыс әкімдігінің басты міндеттерінің бірі болып отыр. Бес мыңнан астам адам құрылыс секторында жұмыспен қамтылған. Жаңа тұрғын үйдің іске қосылуымен кезектілік көрінісі де өзгеріп жатыр. Жыл сайын "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына 2-2,5 мың пәтер бөлінеді.

Айта кетері, Қарағанды облысы инвестиция тарту жағынан алда тұрған облыстардың бірі. Мәселен, 2021 жылы өңірге тартылған инвестиция 740 миллиард теңгеге жетті. Соның арқасында екі мыңға жуық жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды. Олар іске қосылған 14 кәсіпорында жұмыс істейді.

Облыстағы моноқалалардың белсенділігін арттыру бойынша жұмыс та жалғасып келеді. Өңдеу өнеркәсібінің бірқатар ірі жобасы іске асып жатыр. Мысалы:  Саран қаласындағы зауыттың алаңында индустриалды аймақ құрылды. Қазір автобустар шығаратын зауыт жұмыс істеп тұр, автомобиль шинасын шығаратын зауыттың құрылысы жүргізіліп жатыр. Зауыт биыл қарашада іске қосылады. Саран қаласында индустриялық аймақ кеңеюде. Шина зауытынан басқа тағы екі зауыт салынуда. Шина шығаратын зауыт болашақта Орта Азиядағы ең ірі зауыттардың біріне айналуы мүмкін. Бірінші кезеңде оның қуаттылығы жыл сайын 3,5 миллион өнім береді деп жоспарланған. Алдағы уақытта өндіріс жылына 9 миллионға дейін ұлғайтылады. Құрылыс 2021 жылы басталды. Жобаны "KamaTyresKZ" ЖШС – "Аллюр "компаниялар тобы" АҚ және "Татнефть"жақ бірлескен кәсіпорны жүзеге асырып жатыр. Зауыт биыл жылдың аяғында іске қосылады. Шина өндіру зауытын салудағы мақсат – облыста жаңа жұмыс орнын құру, сондай ақ республиканың өнеркәсіп әлеуетін арттыру. Ірі жобаны өнеркәсіпті дамыту Қоры - "Бәйтерек"холдингінің құрылымына кіретін Қазақстанның Даму Банкінің еншілес ұйымы қаржыландырып отыр.

Сонымен қатар жылына бес миллион тонна кен өндіретін кәсіпорын ашылды. Жаңа фабрика моноқалада келешек жүз жылда қызмет орнын сақтауға мүмкіндік береді деп жоспарланған.

Агроөнеркәсіп кешеніне келсек, облыста мал шаруашылығы өндірісі артқан. Соның арқасында ауыл шаруашылығында тұрақты өсім байқалады. Қиындықтарға қарамастан, дәнді дақылдардың сапалы өнімін жинап отыр. Былтыр 940 мың тоннадан астам жоғары астық бастырылды, оның ішінде алты жүз мың тоннадан астам бидай, 410 мың тонна картоп және 109 мың тонна көкөніс жиналған.

Шағын және орта бизнестегі жетістіктерге келсек, бұл салада облыстың әрбір үшінші тұрғыны жұмыс істейді. 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы кәсіпкерлердің саны шамамен 6%-ке артқан. Мемлекеттен көмекті үш мыңнан астам адам алды. Олардың жобаларына 160 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

Моно қалалардың дамуы, өнеркәсіпті дамыту бойынша да жұмыс жалғасып жатыр. Моно қалалардағы шағын және орта бизнесті дамытуға «Атамекен Қарағанды» қолғабыс етіп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бағытталған жобалар аясында моно қалалардағы шағын және орта бизнес өкілдеріне 5%-пен несие беру де жолға қойылған. Осындай бағыттардың бірі туризмде жемісін беріп келеді. Балқашта, Жезқазғанда жаңа құрылыс нысандары бой көтеріп жатыр. Олар туристерді тартуға бағытталған. Былтыр Балқашта Сәбитова шағын ауданында 200 адамға арналған емхана құрылысы басталды. Биыл маусымда медициналық мекеме ашылады. Бұрынғы наркологиялық диспансердің ғимаратын қайта жаңарту жүріп жатыр. Болашақта мұнда мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы ашылады деп жоспарлап отыр Балқаш әкімдігі.

Балқаштың туристік әлеуеті зор. Биыл Бертіс шығанағы ауданында инженерлік коммуникациялар құрылысын аяқтау жоспарланған. Осының арқасында желілер қолданыстағы 10 және салынып жатқан сегіз туризм нысандарына қосылады. Қонақ үйлер, ойын-сауық парктері, спорттық балалар алаңдарын салу үшін инвесторлар тартылған.

Ұлытау жеріндегі Жошы хан кесенесін де жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы алғанда бұл салада 31 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыған. Алайда қазір облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,5% деңгейінде қалып отыр.

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында 6058 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 3,3 мың үміткер бос орындарға жолдама алды. Әлеуметтік жұмыс орындарына – 294, қоғамдық жұмыстарға 2310 адам тартылды. Сонымен қатар 120-ға жуық тұрғын жастар практика бойынша тағылымдамадан өтті. Сондай-ақ 2022 жылдың

бірінші тоқсанда экономика өсімі барлық салада көрініс тапты.  Өнеркәсіпте табыс көлемі 1,2 триллион теңгені құрап, үш процентке артқан. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 4 процентке тау-кен өнеркәсібінде бір жарым процентке өсті.

Облыста тек жастарға ғана емес, орта жастағы, зейнет жасындағы азаматтарға да жағдай жасалған. Жұмыссыз азаматтар үшін "Күміс жас" жаңа жобасы әзірленген. Бір жылда оны жарты миллионнан астам адам пайдаланды. Оларға мемлекет бір жыл бойы жалақысын субсидиялады. Ал ай сайынғы субсидия мөлшері белгіленген жалақының 50 процентін құрайлы, бірақ салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы мен банктік қызметтер үшін өтемақыларды ескере отырып, 30 АЕК-тен аспауы қажет деген талап бар.

Қарағанды облысында үш мыңнан астам үй газбен қамтылған. Қарағанды, Теміртау, Жезқазғанда арнайы тариф бекітілген. Биыл наурызда Жаңарқада газбен қамту жұмыстары басталды. Облыстағы қала тұрғындарының 98%-і сапалы ауыз сумен қамтылған және ауылдық жерлердің халқының 89,9%-і ауыз суға жетіп отыр. Сумен қамтамасыз ету сапасын жақсарту үшін 35 инфрақұрылымдық жоба іске асып жатыр. Мысалы, былтыр Сатпаев қаласындағы судың жағдайын жақсарту үшін жаңа Есқұла су тартқышы іске қосылған. Ал биыл тағы бір тартқыштағы жөндеу жұмыстарынан кейін, іске қосу жоспарланған. Бұл Жезқазған қаласы мен маңындағы аудандарды таза ауыз сумен қамтуға мүмкіндік бермек.

Автожолдардың жағдайына келсек, былтыр мың жарым мың шақырым жолға назар бөлінді. Оның ішінде 800 мыңнан астамы жергілікті желі жолдары. «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша кейінгі үш жылда 38 елді мекенде жолдар жөнделді. Қарағанды – Балқаш жолы қалыпқа келтірілді.

Жақында Қарағандыда облыс жолдарының құрылысында өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтарын пайдалану туралы Меморандумға қол қойылды. Мұндай келісімге өңірдің экология департаменті, "ҚазАвтоЖол" компаниясы, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жол компаниялары келді.

Жыл сайын Қарағанды облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары 60 миллион тоннаға дейін қалдық шығарады. Оларды пайдалы қажеттіліктер үшін пайдалану үшін 2019 және 2020 жылдары өңірдің ірі компаниялары осындай меморандумға қол қойды. Осының арқасында 175 тонна өнеркәсіптік қалдықтар пайдаға жарады. Биыл меморандум аясында жол фирмалары "Жезқазған – Қарағанды" автожолының құрылысында 260 тоннадан астам қалдықтарды пайдалануды көздеп отыр.

Сонымен қатар Қарағанды облысындағы маңызды мәселенің бірі – экология. Алдағы үш жылда кәсіпорындардан шығарындылар көлемін отыз процентке азайтуға бағытталған әкімдік және экология министрлігі, өнеркәсіп орындары арасында келісім бар. Бұл Теміртау, Жезқазған және Балқаш қалаларында жүзеге аспақ, себебі дәл осы аймақта өндірістен кейінгі шығарынды көлемі көп.

Қарағанды облысы атақты спортшылар шыққан өңір ретінде де белгілі. Сол себепті 2022 жылы бірқатар жиын өтті. Ел үкіметінің жоспарына сәйкес, 2025 жылға қарай әр қазақстандық спортпен шұғылдануы керек. Бұл мәселе мәдениет және спорт министрлігінің өкілдерінің Қарағанды облысындағы спорт басқармасы өкілдерімен кездесуі кезінде де талқыланған. Соның нәтижесінде бірқатар іс жүзеге аспақ. Ал дәл қазіргі кезде Қарағанды облысында спорттың 100 түрі бойынша мамандар даярланады, оның 44-і олимпиадалық спорт түрі. 1 402 дене шынықтыру және спорт ұйымы жұмыс істеп тұр. Онда 456 мыңнан астам адам спортпен шұғылданады. Облыс бюджетінен жоғары оқу орындарында спорт кадрларын даярлауға гранттар бөлінген. Халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері және олардың жаттықтырушылары сыйлықтар, сондай-ақ ай сайынғы ақшалай қаражат алады. Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспары іске асырылып жатыр. Биыл төрт жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, екі бассейнді ашу, 55 спорт алаңын орнату жоспарланған.