Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Ақтау орталығында көлік жарылды

Ақтау қаласының орталығында көлік жарылды, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақтау орталығында көлік жарылды
Фото: istockphoto

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жарылыс қаланың 27-шағын ауданында болған.

Көпқабатты тұрғын үйдің ауласында газбен жүретін көлік өртенген. Соның салдарынан газ-баллон жабдығы жарылған. 

"Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - дейді құтқарушылар.

Өрт сөндірушілер газбен жүретін көліктерді уақытылы техникалық тексерістен өткізу қажеттігін еске салды. Ал төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.