Ресейден жеткізілген екінші жолбарыс табиғи мекендеу ортасына жіберілді, деп хабарлады Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Іс-шараға қатысқан экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров осы бағдарламаны жүзеге асыруға көрсеткен қолдауы мен тікелей қатысқаны үшін Ресей тарапына, Дүниежүзілік табиғат қорына және барлық серіктестерге риазылығын жеткізді.
"Біздің басты мақсатымыз – осы жыртқыштарды тарихи мекеніне қайтарумен ғана шектелмей, олардың табиғи ортада өздігінен тіршілік етіп, көбейе алатын тұрақты популяциясын қалыптастыру", - деді Әлібек Қуантыров.