Прямая трансляция

Астана

Астана

16°C

«Мұндай ауқымды концерт Қазақстанда бұрын-соңды болған емес»: Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертке 250 мың адам жиналды

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей Кеншілер күніне орай әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

«Мұндай ауқымды концерт Қазақстанда бұрын-соңды болған емес»: Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертке 250 мың адам жиналды
Фото: Қарағанды обл. әкімдігі

1001140731.jpg

«Қайласы қайыспас қара нарларымыздың мерекесі құтты болсын! Қазыналы өлкенің тарихы кен өндірісімен тамырлас, ал кенші еңбегі қашанда еңбекқорлық пен қайсарлықтың үлгісі. Биыл бұл мереке ел тарихында қалатын айтулы оқиғамен есте қалды. Бір алаңға 250 мың көрермен жиналды! Мұндай ауқымды концерт Қазақстанда бұрын-соңды болған емес! Ұлыбритания, Италия, Испания, Моңғолия және ТМД елдерінен арнайы қонақтар келді. Олардың арасында қаламызға алғаш рет табан тіреп, Қарағандыны жаңа қырынан танығандар да аз емес. Осындай үлкен шараны өткізу үшін қалада 5 гектардан астам жер бөлініп, арнайы алаң жабдықталды», – деп жазды Әлібек Әлденей. 

1001140729.jpg

Ол мерекелік шара барысында халықтың қауіпсіздігі басты назарда болғанын атап өтті. 

 

«Елімізде тұңғыш рет концерт өтетін алаң төрт секторға бөлініп, жедел қызметтердің еркін қозғалуына арнайы жолақтар жасалды. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп, жағдай әуеден бақыланды. Көлік қозғалысы, медициналық көмек, құтқарушылар, еріктілер мен коммуналдық қызметтердің жұмысы алдын ала пысықталды. 250 мың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету – үлкен жауапкершілік. Осыншама халық қатысқан мерекенің ұйымшылдықпен өтуі – көптеген мекемелердің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Кеншілер мерекесінің осындай жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қосқан Qarmet компаниясына айрықша алғысымды білдіремін! Кеншілер күні – Қарағанды үшін күнтізбедегі қатардағы мереке емес. Бұл – еліміздің өсіп-өркендеуіне маңдай терін төгіп, адал еңбек еткен жандардың мерекесі. Сондықтан Qarmet үшін бұл – жай ғана кәсіби мереке емес, кеншіге деген құрмет пен алғыс білдіретін ерекше күн. Концерттік бағдарламаны жоғары деңгейде ұйымдастырған Brave Talent продюсерлік орталығына ризашылығым шексіз! Әлемдік және отандық өнер жұлдыздарын бір сахнаға жинап, осындай алып шараның техникалық және ұйымдастыру жұмыстарын үйлестірудің артында үлкен кәсіби еңбек тұр», – деді ол.

1001140728.jpg

Сонымен қатар Әлібек Әлденей шараға атсалысқан барлық қызмет өкілдеріне алғыс білдірді. 

1001140730.jpg

«Қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз еткен полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан сарбаздары, құтқарушылар, дәрігерлер, коммуналдық және көлік қызметтері, еріктілер мен техникалық мамандарға шын ниетіммен алғыс айтам! Бірнеше сағатқа созылған үлкен мереке бірнеше айға жалғасқан дайындықтың, жүздеген адамның ерен еңбегінің арқасында жүзеге асты. Сол еңбектің лайықты бағасын кеше халық берді! Барша кеншілерді, сала ардагерлері мен кеншілер әулеттерін кәсіби мерекемен тағы да құттықтаймын! Қарағандының қара алтынын ел игілігіне жаратып жүрген Сіздердің адал еңбектеріңіз – Қазақстанның қуаты, берік тірегі!» – деп түйіндеді ол.

1001140728.jpg